Әсет Исекешев электр станциясы бұзылған жерге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Апат орын алған жерде Астана әкімдігінің арнайы штабы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

«Осы уақытта апат болған жерде Астана әкімдігінің арнайы штаб өкілдері жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар оқиға орнына елорда әкімі Әсет Исекешев те шықты. «Астана-РЭК» АҚ ақпараттары бойынша, тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету шаралары жақын арада және кезең-кезеңімен жүзеге асады»,-деді Астана әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Айта кетейік, 6 мамыр күні 22 сағат 30 минутта елордада Сәтпаев пен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысындағы кабель өртенген. Соның салдарынан Б.Момышұлы даңғылындағы «Ақбұлақ» және 4,5 шағын аудандар, «Еуразия» СО жарықсыз қалды.


Соңғы жаңалықтар