23:14, 11 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Әсет Исекешев елордалықтарға алғыс айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының бұрынғы әкімі Әсет Исекешев елордалықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті астаналықтар, Сіздердің жылы тілектеріңіз бен екі жылдан астам уақыт бойы қаланы дамытуға белсенді атсалысқандарыңыз үшін үлкен алғысымды айтамын. Сіздердің әрбір шағымдарыңыз, ұсыныстарыңыз бен сындарыңыз Астананы одан әрі көркейтіп, ыңғайлы етуге көмек берді», - деп жазады Әсет Исекешев өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Әсет Исекешев Елбасының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ал елорда басшысы қызметіне бүгін Бақыт Сұлтанов кірісті.