Әсет Исекешев жол жүруді ауа райына қарай жоспарлауды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындарына жол жүрумен байланысты жоспарларын ауа райына қарай жоспарлауды ұсынды.
None
None

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Өңірде қардың қалың түсуі мен бұрқасындатуына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тазалық жұмыстарына жұмылдырылып, көше бойлары мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды тазалау жұмыстарымен тәулік бойына айналысуда. Осы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарға 715 дана арнайы техника мен 158 адам жұмылдырылды. Ертең жұмыс аптасы басталады. Қар болса жаууын тоқтатар емес, оның үстінде бұрқасын болып жатыр. Сол себепті аса үлкен қажеттілік болмаған жағдайда мүмкіндігінше ұзақ жол жүруді кейінге қалдыра тұрып, қала бойынша қозғалысты ауа райына қарай жоспарлаған жөн»,-деді Исекешев Facebook-тағы парақшасында.

Соңғы жаңалықтар