Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарады

АСТАНА. KAZINFORM — «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымына Асхат Хасеновты таныстырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Асхат
Фото: Энергетика министрлігі

Оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін басқарма төрағасының міндетін атқару жүктелген. Сондай-ақ қор басшысы Мағзұм Мырзағалиевке ҚМГ басшысы ретінде атқарған қызметі үшін алғысын білдірді.

Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ Мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядты операторы қызметінен бастаған.

2006-2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ-да жұмыс істеді, онда техникалық реттеу басқармасының жетекші маманынан бастап вице-президенттің басқарушылық лауазымына дейін қызмет атқарды.

Әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды.

2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар