Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
None
Фото: primeminister.kz

Асхат Раздықұлы 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған.

Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген.

2014-2016 ж.ж. – «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 ж.ж. – Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а.

2017-2018 ж.ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.

2018-2019 ж.ж. – ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 ж.ж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.

2021 - 2022 ж.ж.– Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

2022 - 2023 ж.ж. - AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.

2023 жылдың 4 қаңтарында Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар