Ашық, жылы, жауын-шашынсыз: алдағы күндерге ауа райы болжамы жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.  

күз
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Болжамға сенсек, алдағы күндері де Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райын антициклонның сілемі анықтайды. Елдің көптеген өңірлерінде ашық, жылы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында циклон ойпатының ықпалынан жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) күтіледі. Республика аумағында желдің күшеюі болжанады, ал түнгі және таңертеңгі сағаттарда батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде тұман түсуі ықтимал.

Ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі күтілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында алдағы қыс біршама жылы болып, қалыпты өтетіні болжанды.

Соңғы жаңалықтар