АШМ: 116 ауылда электр энергиясы тартылмаған

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2007 жылмен салыстырғанда республика бойынша электр желісі тартылмаған ауылдық елді мекендер 43-ке азайды.

АШМ: 116 ауылда электр энергиясы тартылмаған
2009 жылдың басындағы мәліметке қарағанда, 116 ауылда электр энергиясы әлі жоқ. Бұл туралы бүгін Астанада ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитет төрағасы Санат Тұңғышбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мұндай ауылдардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан (38), Қызылорда (18), Қарағанды (17), Шығыс Қазақстан (16) облыстарында», - деді ол. Еліміздегі 1734 елді мекенде электр желісі жабдығының тозуы 85 және одан жоғары пайызды құрайды. Санат Тұңғышбековтың айтуынша, 2004 жылмен салыстырғанда газ желісі тартылған елді мекендер 228-ге артқан. Жалпы алғанда бүгінде 571 ауылға табиғи газ желісі тартылған.