Аштық пен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған мыңдаған өзге ұлт өкілдеріне Қазақстан пана болды - Н.Ноғаев, БҚО әкімі

Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев және өңірдегі ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері мен оқушы жастар қатысты.
Аталмыш ескерткішті кезінде елімізге жер ауып келген басқа ұлт өкілдерін бауырына алып, паналатқаны үшін кәріс ұлттық-мәдени орталығы орнатқан болатын.
-Аштық пен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған мыңдаған өзге ұлттың өкілдеріне Қазақстан пана болды. Сан түрлі ұлт өкілдері қиындықпен күресе біліп, білім алып, бел шешпей еңбек етті. Бүгін, міне, қазақ елін өз Отанына балаған олар Парламентте, әкімшілікте, басқа да қызметтерде Қазақстанның гүлденуі үшін еңбек етуде. Елбасымыздың саясаты - еліміздегі тұрақтылық пен татулықты сақтау жолында біз болашақта да бірге жұмыстанатын боламыз, - деді облыс басшысы.
Саяси құрбандар алдындағы парызды жас ұрпақтың бойына сіңіру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, еліміздің бейбіт өмірін қадірлей білу мақсатында өткізілген ашық сабаққа қатысқан мектеп оқушылары құрбан болған алаштың арыстары туралы жыр жолдарына кезек берді.
Шара соңында «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.