Ашық есік күні аясында «Нұр Отан» ХДП-ның елордалық филиалы мен астаналық прокуратура азаматтарды қабылдауда

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның елордалық филиалы мен астаналық прокуратура Ашық есік күнін өткізіп жатыр. Онда туындаған мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүріп жатыр.

Ашық есік күні аясында «Нұр Отан» ХДП-ның елордалық филиалы мен астаналық прокуратура азаматтарды қабылдауда

Астана прокурорының бас кеңесшісі Шынар Әбжанованың айтуынша, адамдар көбінесе жалақының төленбеуі, лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері, қылмыстық істерді қозғау кезіндегі заң бұзушылықтар және басқа да проблемалар бойынша келеді.

«Біз партиямен бірлескен осындай қабылдауды ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында жүзеге асырып жатырмыз. Бұндай шаралар бізде тоқсан сайын өткізіліп жатыр. Бүгіндегі алдын ала мәлімет бойынша бізге 17 адам жазылды. Бұл азаматтардың айтқандарын тыңдап болғаннан кейін, оларға көмектесуге тырысамыз»,-дейді ол.

Айта кетейік, жыл басынан бері прокуратураға 6 мыңнан астам өтініш келіп түскен және оның жартысынан астамы бойынша тисті шешім қабылданды.