Асылжан Арыстанбекова екінші рет Астана турнирінің финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 905-ракеткасы Асылжан Арыстанбекова Астанада өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 637-ракеткасы, түркиялық Ирем Куртпен соңғы бәсекенің жолдамасын сарапқа салды.
Бірінші партияда Асылжан 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте қарқынын үдете түсті — 6:2.
Осылайша, Асылжан Арыстанбекова екінші рет қатарынан Астана додасының финалына шықты. Ол финалда әлемдік рейтингіде 723-орындағы жапониялық Харуна Аракавамен чемпиондық атаққа таласады. Финалдық кездесу 16 тамызға белгіленген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Асылжан Арыстанбекованың қатарынан 8 матчта жеңіске жеткенін жазған едік.