09:34, 15 Шілде 2025 | GMT +5
Асқар Ізбасов әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ізбасов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ал бұл қызметті осыған дейін атқарған Руслан Қоңыров лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Бақытбек Сыдықовтың ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарладық.