Әскердегі оқу мемлекеттік тілде болуы керек - Бақытжан Ертаев

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Әскери курсанттарды оқыту орыс тілінде емес, мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс, деп есептейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев.
None
None

"Деректерге сүйенсек, қазіргі кезде курсанттардың 95 %-ы титулдық ұлт өкілдері болып табылады. Алайда әскери училищелердегі оқудың барлығы орыс тілінде өтеді. Біз осы мәселе қашан көтерілетінін әлі күтіп жүрміз. Әскери ғалымдарымға қазірден бастап оқу үдерісін қазақ тіліне аудару қажет", - деді ол бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы барысында.

Сондай-ақ халық қалаулысы күннен-күнге қауіп-қатері артып отырған бүгінгі заманда әскери-материалдық база уақыт талабына жауап бере алатындай болуы шарт екенін ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар