Әскери-әуе күштері британдыққа өлген тотықұсы үшін 2 мың фунт төлейтін болды

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Ұлыбритания тұрғыны сот арқылы әскери ұшақтың төмен биіктіктегі маневр жасауы салдарынан өлген үй тотықұсы үшін әскери-әуе күштерінен 2,2 мың фунт стерлинг өтемақы алатын болды.
None
None

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Жапа шегушінің айтуынша, оның құсы үй үстінен ұшып өткен әскери ұшақ моторының гүрілінен күйзеліске ұшырап өлген. Қазіргі таңда Қорғаныс министрлігінде осы арызға ұқсас 200 іс қаралу үстінде. Олардың жалпы құны 1,5 млн. фунтты құрайды.

Соңғы жаңалықтар