Әскери міндеттілерді есепке алу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімдігінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) әскери міндеттілерді есепке алуды реттеу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті,

Әскери міндеттілерді есепке алу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күн сайын біз әскери есепке алу немесе одан алып тастау жөнінде азаматтар наразылығымен ұшырасып отырамыз. ХҚО-да қосымша таңба беру туралы кеңес алған азаматтар жергілікті әскери басқарма органдарына баруы тиіс. Бұдан «бір терезе» қағидасы бұзылып, жоғарыда айтылған мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әртүрлі түсініксіз былықтарға жол беріледі», - деп атап өтті «Алматы» ауданы ХҚО-2 операциялық залының жетекшісі Мира Мағзұм.

Сонымен бірге, М.Мағзұмның айтуынша, «бір терезе» қағидатын ұстана отырып, осы мемлекеттік қызметтің көрсетілуі кезінде кездесетін тосқауылдарды азайту керек. «Өйткені, орталықтардың негізгі міндеті - мемлекеттік қызмет көрсетуді уақтылы әрі сапалы ұсынуда, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен былықтарға және басқа әкімшілік заң бұзушылықтарға жол берілмейтін жағдай жасау», - деді ол.