Әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған бір топ әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған бір топ әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
Фото: Kazinform

Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);

Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);

 Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттаған болатын.