Әскери жиынға тартылатын азаматтардың мәртебесі қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM – Қорғаныс министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында биыл жауынгерлік оқу-жаттығуға тартылатын 3 мың адамның Қарулы Күштер қатарындағы мәртебесі қандай болатынын айтты.

«Жауынгерлік қызмет және әскерилердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы pаңның 5-бабының 1-тармағы бойынша, жауынгерлік оқу-жаттығуға тартылған азаматтардың әскери қызметші мәртебесі болады. Сәйкесінше ол тұлғаларға әскери қызметшілерге қойылатын талаптың бәрі қойылады» делінген жауапта.
Ведомство бұл жиынға әскери борышы бар, денсаулығы әскери қызметке жарамды адамдар ғана тартылатынын, олардың бәрі алдын ала медициналық тексеруден өтетінін айтып отыр.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі 2024 жылы әскери оқу-жаттығуға шақырылатын 3 мың азаматтың қай бөлімшелерге жіберілетінін түсіндірген болатын.
«Жаттығу 2024 жылдың жазында 30 күн бойы мотоатқыштар, танкі, артиллериялық бөлімшелерде, сондай-ақ жауынгерлік әрі техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінде өтеді» деді министрлік Kazinform агенттігінің сауалына берген жауабында.