Әскерилер Гаитиде үйінділер астында 14 күн жатқан ер адамды құтқарды

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Американдық әскери қызметшілер сейсенбі күні іздеу-құтқару жұмыстары кезінде Гаити астанасындағы қираған үйдің үйінділері астынан, қаңтардың 12-сінде болған алғашқы зілзаладан бастап екі апта жатқан ер адамды алып шықты,

Әскерилер Гаитиде үйінділер астында 14 күн жатқан ер адамды құтқарды

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды. Аяғының сынғанына қарамастан, оның жай-күйі жақсы деп бағалануда.