Әскерилердің зейнет жасын нақтылап, құқықтарын жетілдіретін заң қабылданды

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжілістің жалпы отырысында әскери қызметшілердің құқықтарын жетілдіруге арналған заңды қабылдады. 

Әскерилердің зейнет жасын нақтылап, құқықтарын жетілдіретін заң қабылданды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Құжатты әріптестеріне депутат Олжас Құспеков таныстырды. Оның сөзінше, заң жобасы әскери қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын күшейтуге, қызметтің беделін арттыруға және қорғаныс жүйесін қазіргі заман талаптарына бейімдеуге бағытталған

Құжатта жоғары әскери лауазымдарға кандидаттардың цифрлық рейтингісін жасауды да көздейді.

Сондай-ақ, құжатта төтенше жағдайларды жоюға, терроризмге қарсы операцияларға және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге тартылатын Қарулы Күштер мен Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне үш еселенген ақшалай үлес төлеу көзделген. Ал 25 жылдан астам еңбек сіңірген әскери қызметшілерге өз қалауы бойынша қызметтен босау мүмкіндігі берілмек.

— Біз БҰҰ-ның әскери персонал ұсынғаны үшін мемлекетке төлейтін қаражаты әскери қызметшілерге төлем жүргізу үшін тікелей Қорғаныс министрлігінің шотына түсуге тиіс деген ұсыныс енгіздік.

Қазір бұл қаражат республикалық бюджетке түседі. Сондықтан БҰҰ бітімгерлік миссиялар үшін аударған қаражаттың Қорғаныс министрлігіне түсуі және кейін әскери қызметшілерге бағытталуы ұзақ уақыт алады. Бұл төлемдерді уақтылы жүргізуге мүмкіндік бермейді, — деді Олжас Құспеков.

Бұған дейін қазақстандық бітімгерлердің үшінші құрамы Голан жотасына аттанғанын хабарлаған едік