Әскеріміз «гибридті соғыстарға» дайын ба

 Қорғаныс министрлігі
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Қорғаныс министрлігінің мамандары Қарулы күштерді әлемде тенденция алып келе жатқан гибридті соғыстарға дайындау жұмыстары қалай ұйымдастырырылып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Қарулы күштерде әскерге ақпараттық-психологиялық және кибер шабуыл арқылы әсер ету әрекеттеріне төтеп беруге арналған бөлімшелер құрылды. Қазір осы әлеует пен мүмкіндіктерді арттыру бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Қарсыластар «гибридті» тәсілдер қолданған жағдайда мемлекеттің әскери ұйымдарының құрамына кіретін органдар мен ұйымдар саяси-дипломатиялық, экономикалық, құқықтық, ақпараттық, идеологиялық бағыттағы байыпты шаралар қолданады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тұрақсыздық орнатуға бағытталған өзге де әскери емес тәсілдерге жауап қатады», - деп жазылған министрлік редакция сауалына жолдаған жауабында.

Сондай-ақ, жауапты арнайы операцияларды өткізу мәселелерін пысықтау кезінде түрлі әскери бөлімшелердің қанаттасып жұмыс істеуін шыңдай түсуге көңіл бөлінетіні айтылған.

«Осы аталған өзгерістердің бәрі Қарулы күштердің жеке құрамының әскери қабілет деңгейін көтеруге, қолдағы күш пен құралды тиімді қолдануға үйретуге кең мүмкіндіктер береді», - делінген ресми жауапта.

Соңғы жаңалықтар