Аслан Аталықов ІІМ Көші қон қызметі комитетінің төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы лауазымына бұрын осы комитет төрағасының міндетін атқарған полиция полковнигі Аслан Базарбайұлы Аталықов тағайындалды, деп хабарлайды polisia.kz.
None

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев министрліктің басшы құрамына көші-қон қызметінің жаңа басшысын таныстыра отырып, оның құқық қорғау органдарындағы әртүрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесін, жоғары кәсібилігін атап өтіп, жаңа қызметіне табыс тіледі.

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жаңа бастықтың бірқатар жауапты лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мен жоғары кәсіби шеберлігін атап өтіп, жаңа жұмыс орнында жетістіктер тіледі. Сондай-ақ, министр осыған дейін департамент бастығы болған Ерлан Файзуллинге атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, Қостанай облысындағы жаңа жұмыс орнында сәттілік тіледі.
Соңғы жаңалықтар