Астана әкімдігі алдындағы алаңда өтетін мерекелік концертті 20 мыңнан астам адам тамашалайды деп күтілуде

АСТАНА. Бүгін кешке сағат 19.00 Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда Наурыз мерекесіне орайластырылған концерт және жастар би кеші өтеді.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Мәдениет басқармасынан хабарлады.

Мерекелік іс-шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары: «Жігіттер» тобы, Маржан Арапбаева, «Дабыл» тобы, Жади, Медет Шайкенов, Рустем Жүгінісов, «Ретро» тобы, «Жалын» тобы және т.б. қатысады. Іс-шараға 20 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде. Ал қазіргі уақытта осы алаңда Сарыарқа ауданының әкімдігі ұйымдастырған халықтық серуен өтуде.

Айта кетейік, Астанада мерекелік іс-шаралар 23 наурызға дейін жалғасады. Назарбаев орталығында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Татьяна Хасьянованың жеке концерті өтеді, ал Көктал тұрғын алабында «Наз» мемлекеттік би театрының мерекелік концерті ұйымдастырылады. 23 наурызда кешке Конгресс Холл сарайында «Өнер қырандары» әзіл-сықақ кеші өтеді. 24 наурызда «Астана Опера» театрында жас астаналықтарға арналған «Петя және қасқыр» балалар симфониялық ертегісі көрсетіледі. Наурыз мерекесін мерекелеу мұнымен шектелмейді: 25 наурызда Бейбітшілік және Келісім сарайында «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мюзиклі, ал Конгресс Холлда Перизат Тұрарованың жеке концерті өтеді. 26 наурызда Конгресс Холлда «Нұр сәулем-ай» ансамблінің мерекелік концерті болады.

Соңғы жаңалықтар