Астана әкімдігі ЭКСПО аясында 600 мәдени шара өткізеді
«Әкімдік тарапынан шамамен 600 шара ұйымдастырылады. Біздің тарапымыздан 2 бағыт болады. Біріншісі, қала тұрғындары мен елорда қонақтарына арналған ашық алаңдардағы баршаға қолжетімді халықтық серуендер, отбасылық демалыс, мәдени шаралар», - деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, 9 тұрғын үй алабында концерттер ұйымдастырылып, елорданың 5 саябағында 90 күн бойы «Астана парк ленд» фестивалі өтеді. Фестиваль аясында балаларға арналған мыңға жуық шара ұйымдастырылады.
«Astana Art Fest» халықаралық фестивалі ағымдағы жылы «Nomad Energy» деген атаумен өтіп, онда 16 елдің қазіргі заманғы өнері көрсетіліп, көше театрлары қойылады. Қалалық театрлар мен цирк сахнасында да жоспарлы түрле қойылымдар көрсетіледі. Сонымен қатар ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді ілгерілетуге бағытталған бірқатар шара да болады. Олар: ақындар, жазушылар, орындаушылар, үрмелі аспаптар байқаулары», - деді Исекешев.
Әкімнің айтуынша, екінші бағытта туристердің назарына зәкірлі жобалар ұсынылмақ. Бұл жобалар алдағы уақытта елордаға туристердің ағылуына септігін тигізетін болады.