15:33, 27 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық құттықтау үшін IPhone 7 сыйлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келе жатқан жаңа жыл біреулер үшін шынымен де ертегіге айналады.

Мереке қарсаңында Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады. Байқау Аяз Атаның атынан Инстаграмдағы (ayazata_official) ресми парақшада жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Жарысқа ниет білдірген әр адам қатыса алады. Ол үшін елорда тұрғындарына арналған өз құттықтауын Инстаграм желісіне жүктеу қажет, ал сипаттамада «@ayazata_official» байқауы және #сновымгодомАстана2017 хэштегін қою керек. Қатысушының парақшасы байқау аяқталғанша ашық тұруға тиіс.
Бейнеқұттықтаулар 2016 жылдың 30 желтоқсаны сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Ерекше идеяның авторы IPhone 7 иегері атанады, байқау қорытындысы 31 желтоқсан күні сағат 15:00-де «Хан Шатыр» СОСО-ында шығарылады.