Астана әкімдігі коммуналдық қызмет үшін борышкерлердің тізімін жариялады
ТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Астана әкімдігі борышкерлердің «қара тізімін» жариялады. Әкімдік сайтында «АстанаЭнергоСбыт» серіктестігіне жалпы сомасы 55 миллион теңге сома берешек борышкерлердің аты-жөні жарияланды.
«Мұндай жағдайға жол бермеу керектігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананы дамыту мәселелеріне арналған соңғы кеңесте мәлім еткен болатын. Елбасы Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовке коммуналдық қызмет борышкерлерінің тізімін жариялау туралы тапсырма берді», - делінген сайтта жарияланған хабарламада.
Борышкерлер туралы мәліметті «АстанаЭнергоСбыт» серіктестігі беріп отыр.