Астана әкімі елордадағы дін басыларымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков дін басыларымен кездесті. Кездесудің мақсаты - қала басшысының дін басыларымен және діни ұйымдардың қызметімен танысу, деп хабарлады astana.kz.
None
None

Астана қаласының басшысы Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауында қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға, адамдардың бір-біріне деген толеранттылығына ерекше назар аударылғанын атап өтті. Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының басшылары, маслихат депутаттары, діни бірлестіктердің өкілдері қатысты. Кеңесте Астанада конфессияаралық қатынастардың дамуы, Қазақстан мұсылмандары дін басқармасы өкілдігінің қаладағы жұмысы, қоғамдық институттардың ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы рөлі сөз болды. Отырыс қорытындысы бойынша, тиісті қалалық құрылымдарға бірқатар тапсырмалар берілді, сондай-ақ, Кеңестің 2015 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.

Соңғы жаңалықтар