Астана әкімі Орынбор көшесінің әуежайға дейінгі жаңа учаскесін ашты

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов қаланың  Есілдің сол жағалауындағы  Орынбор көшесіндегі әкімшілік орталықтан Астана Халықаралық әуежайына дейінгі жаңа уачаскеде автокөлік қозғалысын ашты.
None
None

«Астана - мемлекетіміздің бас қаласы. Сондықтан да осы қаланың тұрмыс-тіршілігі, көшелер мен нысандардың құрылысы Елбасының ерекше назарында. Әрине, қала өсіп өркендеу үшін сапалы жолдар керек. Осы орайда бүгін Астана күнінде қала үшін маңызды даңғыл жол пайдалануға тапсырылып жатыр. Яғни, заман талабына сай көше пайда болды»,-деді әкім.

Бұл тұрғыда И. Тасмағамбетов  аталған жолдың құрылысына жұмылдырылған «АИС Астана» және «Қазгерстрой» мердігер мекемелерінің жұмысшыларын қала күнімен құттықтап, олардың осы атқарған жұмыстарына алғысын айтты.

Соңғы жаңалықтар