Астана әкімінің орынбасары қаладағы проблемалы тұрғын үйлердің құрылыс жағдайымен танысты

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун көшпелі жиын өткізіп, құрылыстары «Жаңа құрылыс» ЖШС арқылы аяқталатын бірқатар проблемалы тұрғын үй кешенін аралады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көшпелі жиын барысында комиссия мүшелері төрт нысанның құрылыс жағдайымен танысты. Атап айтсақ, пайдалану мерзімі алдағы маусым айына жоспарланған «Оқжетпес» тұрғын үй кешені. Сарыарқа және Мәскеу көшелерінің қиылысында орналасқан бұл көпқабатты үйде 249 үлескер тіркелген. Олардың бір бөлігі салынып жатқан басқа кешендерге ауыстырылатын болады. Құрылыс жұмыстарының аяқталуына 489,72 миллион теңге бөлінді. Сарыарқа-Жангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан «Европейский» тұрғын үй кешенінде (оның құрылысын маусым айында іске қосу көзделіп отыр) 246 үлескер бар. Құрылысты аяқтауға 860,095 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ Сейфуллин және Күмісбеков көшелерінің бойында орналасқан «Возрождение» кешенін бітіру үстіміздегі жылғы қараша айына жоспарланған. «Жаңа құрылыс» ЖШС салып жатқан 132 пәтердің кезегінде алданған 321 үлескер тұр. С.Хорошунның айтуынша, олардың қалғандары басқа үйлерге қайта орналастырылатын болады. Комиссия мүшелері болған соңғы нысан Есілдің сол жағалауындағы «Нұрсая» кешені. «Жаңа құрылыс» ЖШС салып жатқан 517 пәтердің 329-ы үлескерлерге тиесілі. Пәтер кілттері 2010 жылдың басында беріледі деп күтілуде. Еске сала кетейік, экономиканы тұрақтандыру шаралары аясында үлескерлердің қатысуымен болған проблемалы үйлердің құрылысын аяқтау үшін Үкіметтен 17,2 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі күні оның 4,5 миллиарды игерілді. Әкім орынбасарының атап көрсеткеніндей, қаржының игерілуінің баяулығы мердігерлер мен ұйымдастыру жұмыстарының жіті тексерілуімен байланысты. Жыл соңына дейін проблемалы 19 нысанның мәселесі толығымен шешіледі. 3,5 мың үлескер сарыла күткен баспаналарына қол жеткізетін болады.
Соңғы жаңалықтар
telegram