Астана әкімі отставкаға кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек БАҚ-та және әлеуметтік желілерде таралған қызметтен кететіні туралы қауесетке қатысты түсінік берді.

Қасымбек
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

«Нұра» ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде қала басшысы мұндай ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

— Қауесеттерге сенбеңіздер. Ондай жалған ақпаратқа қатысты түсінік беру де маңызды деп ойлаймын, - деді Жеңіс Қасымбек.

Бүгін Астанада әкімнің халықпен кездесуі өтті. Іс-шараға Үркер тұрғын алабының және Астананың басқа аудандарының тұрғындары қатысты.

Еске салсақ, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек LRT желісін Қосшыға қарай кеңейту жоспары туралы айтып берді. Бұл туралы қала басшысы Нұра ауданында тұрғындармен кездесуде мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар