Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жас шахматшылармен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM - Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Астана құрамасының шахматшыларымен кездескенін мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Астана әкімі жас шахматшылармен кездесті
Фото: Астана әкімдігі

Астана құрамасының шахматшыларымен кездесу барысында қала әкімі жас спортшылардың еліміздің намысын әлемдік ареналарда абыроймен қорғап, ақыл-ойдың күшін, сол сияқты табандылықтары мен таланттарын көрсете білгенін ерекше атап өтті.

Астана әкімі жас шахматшылармен кездесті
Фото: Астана әкімдігі
Астана әкімі жас шахматшылармен кездесті
Фото: Астана әкімдігі

Сондай-ақ олардың халықаралық шахмат олимпиадасында, әлем чемпионатында, Батыс Азия чемпионатында, Азия чемпионатында және т.б. жарыстарда керемет нәтиже көрсеткенін айтты. 

«Қыздар арасындағы жастар құрамасын 2024 жылы Мажарстанда өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасындағы күміс медалімен шын жүректен құттықтаймын! Командамыз мықты қарсыластардың бірі саналған Әзербайжан мен Польша құрамаларын жеңді, сол сияқты Грузия және АҚШ командаларымен тең түсіп, 169 елден келген қатысушыларды басып озды. Елордамыздың шахматшылары Меруерт Қамалиденова мен Әмина Қайырбекованың қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді. Олар ел намысын әлем алдында қорғай отырып, шеберлігін, мықтылығын және командалық рухтың жоғары деңгейін көрсетті. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Өз тарапымыздан шахматты қолдауды жалғастырамыз және балаларымыздың өсуіне, үлкен жетістіктерге жетуіне көбірек мүмкіндік беру үшін барлық жағдайды жасаймыз» - деп жазды елорда әкімі.

Астана әкімі жас шахматшылармен кездесті
Фото: Астана әкімдігі

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық шахматшылардың әлемнің үздік ойыншыларының 5 рейтингі бойынша ТОП-10 қатарына кіргенін, Бибісара Асаубаеваның екі бірдей рейтингте көш бастағанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар