18:40, 28 Қараша 2015 | GMT +5
Астана-Ақтөбе рейсінің жолаушылары елорда әуежайында бөгеліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әуежайында Астана-Ақтөбе бағытында қатынайтын Z9 2023 рейсінің уақыты 10 сағатқа кейінге шегерілді.

Кесте бойынша Bek Air әуекомпаниясының ұшағы 12:00-де ұшуы тиіс болған. Енді рейс уақыты ұшақтың ауыстырылуына байланысты 22:00-ге ауысты, - деп хабарлады елордалық әуежай анықтама бөлімі.