12:40, 01 Шілде 2009 | GMT +5
«Астана - әлемдік музыканың өзегі» атты концерт болады
trong>Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Шілденің 6-сы күні «Қазақ Елі» монументі жанында Астананың қала күні мерекесінің мәресі ретінде өз еліміздің және алыс-жақын шет елдің майталман әншілерінің қатысуымен гала-концерт өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
КСРО халық әртісі Иосиф Кобзон, Ресей мемлекеттік академиялық Митрофан Пятницкий атындағы хор, Кубань казактарының хоры және Түркіменстаннан «Гунеш» ансамблі мен Ришад Шафи, Өзбекстаннан «Ялла» және «Офарин» би ансамблі, Ираннан келген Fakhtch тобы қатысады. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары Дағыстанның «Лезгинка» мемлекеттік балалар би ансамблінің өнерін тамашалап, тау халқының кумуз, лала мен зурна аспаптарының үнін тыңдайтын болады.
«Қазақ Елі» жанындағы үлкен концертті қоюға Ресейдің дарынды режиссер-қоюшысы Борис Краснов шақырылды.