«Астана арландарының» британдықтарға қарсы айқасатын құрамы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана арландарының» Ұлыбританияның «British Leonhearts» командасына қарсы жекпе-жекке шығатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталған екі команда 3 маусым күні Қостанайда сынға түседі. Жартылай финалдық доданың бірінші айқасында мына боксшылар арландар намысын қорғайды.

49 келі: Ермак Мадиев

56 келі: Ілияс Сүлейменов

64 келі: Ділмұрат Мижитов

75 келі: Әбілхан Аманқұл

91 келіге дейін: Антон Пинчук.

Ал «British Leonhearts» командасынан 49 келіде Кларан МакДональд, 56 келіде Кристофер Бурк, 64 келіде Конор Лофтус, 75 келіде Никита Абабий және 91 келіде Давид Киран Ниика есімді боксшылар келеді деп күтілуде.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 8 маусым күні Лондонда өтеді деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар