Astana Arlans бокстың Бүкіләлемдік сериясында плей-офф-та Argentina Condors былғары қолғап шеберлерімен кездеседі

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
Аргентиналықтар өз тобында төртінші орынға шықты, олардың 12 ұпайы бар. Латинамерикандықтар қосымша көрсеткіштер бойынша плей-офф-қа осынша балл жинаған Russian Boxing Team командасын жібермеді. Енді Мәскеудің орнына алыстағы Аргентинаға біздің боксшылардың баруына тура келеді.
Айтпақшы, аргентиналықтардың қызықты статистикасы бар. Олар үш матчта жеңді, алтауында ұтылды және бір рет тең ойнады. Бесінші турда алжирлік командаға қарсы екі клубтың бокшылары 61 келіге дейінгі салмақта таразыға өлшену рәсімінен өте алмады. Сондықтан ұрыс болған жоқ, төрт жекпе-жек қана өтті.
Сондай-ақ ¼ финалда мыналар кездеседі:
Azerbaijan Baku Fires - Ukraine Otamans;
Dolce&Gabbana Italia Thunder - Hussars Poland;
British Lionhearts - Mexico Guerreros.