«Астана - Атырау» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» пойызындағы жүру құны 5 қыркүйектен арзандайды

«2014 жылғы 5 қыркүйектен «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана - Атырау» бағытындағы №19/20 жүрдек пойызында жүру билетіне жеңілдіктер енгізді. «Тұлпар-Тальго» ЖШС вагондарынан құрастырылған пойыздың: «Гранд» (СВ) санатындағы вагондарда - 25%; «Бизнес» (купе) санатындағы вагондарда - 15% жеңілдік қарастырылған. Жеңілдіктер барлық күндерде болады», - делінген хабарламада.
№19/20 «Атырау» пойызының жолда жүру уақыты Астанадан Атырауға дейін 22 сағат 57 минут, кейінгі бағытта 22 сағат 15 минутты құрайды. Аталған жүрдек пойызының іске қосылуымен Астана стансасынан Атырау стансасына дейінгі (ара қашықтығы 1 839 км) бағытта жүру жолы қарапайым жолаушылар пойызымен салыстырғанда 10 сағатқа қысқартты.
Жеңілдіктері бар билеттерді ғаламтор арқылы www.epay.railways.kz сайтынан, терминалдардан, сонымен бірге кассалардан сатып алуға болады.