Астана әуежайында ауа райына байланысты 12 рейс кешігіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM –  Астанадағы халықаралық әуежайда ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кешігіп жатыр. 

Астана әуежайында ауа райына байланысты 12 рейс кешігіп жатыр
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Жақын күндері Қазақстанның кей өңірінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болып, тұман түседі. 

Осы себепті Астананың халықаралық әуежайында рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.

Бүгінгі жоспарланған рейстер:

Ұшу бойынша: 79 рейс
Қону бойынша: 78 рейс

Қазіргі жағдайда қону бойынша 10 рейс кешігіп жатса, ұшып шығу бойынша 2 рейс кешігіп жатыр.

— Жолаушыларға рейстердің мәртебесі туралы өзекті ақпаратты әуе компанияларынан нақтылау ұсынылады, — делінген әуежайдың хабарламасында.

Айта кетелік Теміртаудан Ақмола облысының шекарасына 590 автокөлік полиция бақылауымен өтті

Соңғы жаңалықтар