Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астана әуежайында мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзған әйел жауапқа тартылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті мас күйдегі әйелдің былапыт сөздер айтып, дөрекі мінез көрсетіп, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағанын мәлімдеді.

Полиция выявила 130 нарушений миграционного законодательства в Астане
Фото: Polisia.kz

– Көліктегі полиция басқармасы қызметкерлері Астана әуежайында әуе компаниясы өкілдерінің актісі негізінде 36 жастағы Шымкент тұрғынын қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін «Астана – Шымкент» бағытындағы рейстен түсірді, – делінген ведомство хабарламасында.

Тексеру барысында әйелдің алкогольді масаң күйде болғаны анықталды. Ол былапыт сөздер айтып, дөрекі мінез көрсетіп, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.

– Құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу (440-бап), ұсақ бұзақылық (434-бап), сондай-ақ, құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау (667-бап) баптары бойынша жауапқа тартылды, – деп мәлімдеді департамент.

Іс материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Айта кетейік, бұған дейін БҚО-да автокөлікке масаң күйде отырған ауыл әкімі қызметінен босатылғанын жазғанбыз.