Астана әуежайының басқарма төрағасы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Бекен Канелұлы Сейдахметов «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

Назначен председатель правления астанинского аэропорта
Фото: «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы» АҚ

Бекен Канелұлының азаматтық авиация саласы бойынша бейінді жоғары білімі бар — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын тәмамдаған. Ол азаматтық авиация және көлік инфрақұрылымы саласында мол басқарушылық тәжірибеге ие.

Әр жылдары бірқатар басшылық қызметтерді атқарды, оның ішінде «Астана халықаралық әуежайы» РМК экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары, «Астана халықаралық әуежайы» ЖАҚ бірінші вице-президенті, сондай-ақ «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ көлік активтерін басқару тобының бас сарапшысы қызметтерін атқарды.

2011–2017 жылдары Азаматтық авиация комитетін басқарып, саланы дамыту және реттеу мәселелеріне жетекшілік етті. Аталған қызметке тағайындалғанға дейін Азаматтық авиация академиясының ректоры қызметінде болды.

Осыған дейін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары ауысқаны туралы жаздық. 

Соңғы жаңалықтар