«Астана» баскетбол клубы Нижний Новгородта сенсациялық жеңіске қол жеткізді

Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлім етті.
«Астана» БК ВТБ лигасына биыл ғана қосылған команда. Клуб құрамы да 2011 жылы жасақталғанын атап өтейік. Дегенмен жаңа команданың жеткен жетістіктері айтарлықтай, соңғы төрт кездесуде 3 жеңіске қол жтекізілді.
Ресейде өткен матч та «Астаналықтар» үшін сәтті болды. Алғашқы айналымды біздің отандастарымыз 34-48 есеп басымдығымен аяқтады. Екінші кезеңде де «Астана» баскетболшылары нижегородтықтарды 10-12 ұпай айырмашылығымен алшақ ұстап тұрды. Ойынның үшінші жартысында есеп 50-62 болып, қазақстандықтардың пайдасына шешілді.
Матчтың соңында астаналықтардың ойыны алған қарқыннан жаңылмады. Әсіресе қазақстандық клубтың сапында өнер көрсететін Эрик Уильямс өзінің жылдам ойынымен жанкүйерлерді тәнті етіп, 22 ұпай жинады. Кездесудегі қорытынды есеп 69-80. біздің пайдамызға шешілді.
«Астана» БК осы жеңісінің арқасында өз тобында 4-орынға көтерілді және плей-офф сынына шығуға бір табан жақындады. Қазіргі таңда «Астана» клубы Риганың «ВЭФ» командасымен 3-4 орындарды бөлісіп тұр. Алда сырт алаңда ресейлік «Красные крылья» ойыншыларына қарсы кездесу болмақ.