Астана базарында сатушылар мен сатып алушылар ЭЦҚ алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Шапағат» коммуналдық базарында «Қолжетімді Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО)» акциясы өтіп, сатушылар мен сатып алушылар саудаларынан қол үзбей-ақ мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Акцияны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Астана қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті ұйымдастырды. 

Еске сала кетейік, «Mega Silk Way» және «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталықтарында да өткізілген «Қолжетімді ХҚО» акциясы барысында келушілер электронды цифрлық қолтаңбаға (ЭЦҚ) ие болып, мемлекеттік қызметтерді онлайн тәртіпте алу әдісімен танысқан болатын.

 Сондай-ақ жоба аясында ХҚО өкілдері мемлекеттік мекемелерде, ірі сауда орталықтарында, орта мектептерде азаматтарға ЭЦҚ беріп, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға машықтандырды. Акция басталғаннан бері бес мыңнан астам ЭЦҚ берілді.


Фото: astana-spk.kz

 

Соңғы жаңалықтар