«Астана» «Бенфика» қақпасына екінші голды салып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында өтіп жатқан «Астана» мен «Бенфика» командаларының кездесуінде есеп еселенді.
None
None

Бұның алдында бірінші голды Патрик Твумаси матчтың 20-минутында салған болатын.

Ойынның 30-минутында «Астана» сапынан Аничич гол соқты. Сол қанаттан берілген пастан кейін Аничич баспен қарсыластар қақпасына допты енгізіп кетті. Айта кетейік, бүгінгі матчта, өкінішке орай, «Астана» сапында Жолшиев шыққан жоқ. Қарсыластардың қатарында алты бірдей маңызды ойыншы: Сальвио, Луизао, Нелсон Семеду, Фейса, Линделеф, Гайтан алаңға шыға алмады. Еске сала кетейік, бұның алдында «Астана» мен «Бенфика» кездескен болатын. Биыл қыркүйекте Португалияда өткен матчта лиссабондықтар сапындағы Николас Гайтан командасына жеңіс сыйлаған болатын. Бүгінгі матчта аргентиналық шабуылшы ойнай алмайды, себебі соңғы кездесуде ол қызыл қағаз алды. «Бенфика» С Тобында тоғыз ұпаймен көш бастап келеді. «Астана» командасы болса, екі балл жинап, төртінші орынға жайғасқан.

Соңғы жаңалықтар