«Астана» «Бенфика» қақпасына гол салды

Ойынның 20-минутында «Астана» сапынан Патрик Твумаси гол соқты. Сол қанаттан Кабанаганың пасынан кейін Твумаси баспен қарсыластар қақпасына допты енгізіп кетті. Айта кетейік, бүгінгі матчта, өкінішке орай, «Астана» сапында Жолшиев шыққан жоқ. Қарсыластардың қатарында алты бірдей маңызды ойыншы: Сальвио, Луизао, Нелсон Семеду, Фейса, Линделеф, Гайтан алаңға шыға алмады. Еске сала кетейік, бұның алдында «Астана» мен «Бенфика» кездескен болатын. Биыл қыркүйекте Португалияда өткен матчта лиссабондықтар сапындағы Николас Гайтан командасына жеңіс сыйлаған болатын. Бүгінгі матчта аргентиналық шабуылшы ойнай алмайды, себебі соңғы кездесуде ол қызыл қағаз алды. «Бенфика» С Тобында тоғыз ұпаймен көш бастап келеді. «Астана» командасы болса, екі балл жинап, төртінші орынға жайғасқан.