Астана да екі әуе рейсі кейінге қалдырылды, біреуі кешігуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада екі авиарейс кейінге қалдырылды және біреуі ауа райы жағдайына байланысты кешігуде. Рейстердің жағдайы туралы ақпарат Астана әуежайының онлайн-таблосында берілді.
None
None

Сағат 10.20-дағы жағдай бойынша кейінге қалдырылғандар ішінде - Scat DV 793 авиакомпаниясының Семейден Астанаға рейсі және Scat DV 794 авиакомпаниясының Семейден Астанаға рейсі. «Air Astana» компаниясының Алматыдан Астанаға KC 851 рейсі кешігуде.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, Астанада бүгін, 27 желтоқсанда, күн бұлтты, қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы 3 градус суық.

Соңғы жаңалықтар