Astana Dakar командасы «Марокко» раллиіне қатысады

АЛМАТЫ. 11 қазан. ҚазАқпарат - «Астана» кәсіби Президенттік спорт клубының құрамына кіретін «Астана» ралли-рейд командасы әлем кубогының ресми кезеңінде өтетін «Марокко» беделді халықаралық раллиіне қатысуға дайындық жасауда.
None
None

Ол бұл елдің аумағында 13-19 қазанда өтеді. Қатысушылар барлығы екі мың шақырымнан астам әр түрлі тасжолдар мен ландшафттарды өтуі керек.

Біздің елімізден жол талғамайтын көлік дәрежесінде үш жеңіл экипаж қатысады. Т1 класы атынан құрамында тиісті 301 және 314 бастау нөмірлерін алған ұшқыш Айдын Рахымбаев және штурман Константин Жильцов және ұшқыш Бауыржан Исабаев және штурман Ғабдолла Әшімов бар «Астана» командасының екі экипажы қатысады. А.Рахымбаев және Ғ.Әшімов HiLux Overdrive автокөліктерін басқарады. Т2 класында Nissan Patrol автокөлігінде 311 бастау нөмірімен ұшқыш Денис Березовский және штурман Игнат Фалков қатысады.

Astana Dakar командасының жеңімпазы Артур Ардавичус чех механиктері және техникалық мамандармен бірге өздерінің алдағы жылы ең қауіпті және атақты «Дакар» әлем жарысына қатысатын жаңа Tatra автокөлігін сынақтан өткізеді және күш сала жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, осы жылдан бастап, «Дакар-2012» қола жүлдегері Czech Dakar Team командасымен клиенттік келісімге қол қойды және үш жыл бойы ғаламшардың барлық негізгі автоспорт жарыстарына еліміздің атынан А.Ардавичус «Астана» жеңімпазы үшін арнайы құрастырылған Tatra көлігімен қатысады.

13 қазанда Astana Dakar өкілдері техникалық және әкімшілік тексеруден өтеді. Алда оларды алты күн күрделі және қауіпті жарыстар күтеді.

Соңғы жаңалықтар