Астана даңғылдарының бірін еріген қар суы басып қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Астана даңғылдарының бірін еріген қар су басып қалып, көлік қозғалысына кедергі келтіруде.

Су басып қалды
Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Астанада қар жинау палигонында еріген қар суы ағындары Ұлы Дала даңғылының бойында жол төсеміне жайылып жатыр», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.

Атап өткендей, оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар