Астана дүкендеріне рейд жүргізіліп, тыйым салынған заттар тәркіленді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Алматы аудандық полиция басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен мониторингтік топ рейдтік іс-шаралар өткізді.

Астана қаласы полициясы
Фото: Астана қаласы ПД

Елорда әкімдігінің ресми сайты мәлім еткендей, рейд барысында ауданның екі дүкенінде насыбай мен снюс өнімдерінің сатылып жатқаны анықталды.

Сатушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шара қолданылып, жалпы саны 10 дана тыйым салынған өнім (насыбай және снюс) тәркіленді. 

— Аталған шаралар «Заң және тәртіп» қағидаларына сәйкес тұрақты түрде жалғасатын болады. Бұл жұмыстар қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың денсаулығын қорғауда және жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде маңызды қадам саналады, — деп атап өтті Алматы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы Айбын Айдынұлы. 

Осыған дейін елордада полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен екі ер адамды ұстағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар