Астана экономикалық форумына дайындық қызу жүруде

Естеріңізге сала кетейік, Астана экономикалық форумы 2012 жылғы мамырдың 22-24 аралығында Астана қаласында өтеді. Биыл оған 80 елден 5000-нан астам қатысушы келеді деп жоспарланып отыр.
Форумдағы ашық пікір алаңында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев және 5 мемлекеттің басшылары, 6 мемлекеттің бұрынғы президенттері, 6 экс-премьер-министр, 25 қазіргі және бұрынғы министрлер, сондай-ақ трансұлттық компаниялар мен бизнестің 40 шақты жетекшілері, Нобель сыйлығының 12 лауреаты және әлемге танымал саясат, экономика және ғылым өкілдері қатысады деп күтілуде.
Экономика бойынша Нобель сыйлығының 1994 жылғы лауреаты Джон Нэш Астанадағы форумның маңыздылығын былай бағалады: «Маңыздылығы бойынша Астана экономикалық форумы Давоста өткізілетін кездесумен теңдес. Дүниежүзінің жетекші экономика сарапшыларын біріктіре отырып, Қазақстан тағы да тиімді диалог алаңына айналды. Менің ойымша, бүгін Қазақстан басқа Орта Азия елдеріне дамудың үлгісі болып табылады».
Баспасөз мәслихатына ҒЕЭКҚ Атқару органының төрағасы Қарымсақов М.Р., ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Тулеушин Қ.А., «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқарма төрағасы Құлсейітов А.Ж.,«Астана - жаңа қала» АЭА әкімшілендіру басқармасының бастығы Маселов М.Х., ҒЕЭКҚ ғылыми жетекшісі Есентүгелов А.Е. және т.б. қатысып, сөз сөйлейді деп күтілуде. Олар БАҚ өкілдеріне V Астана экономикалық форумы барысында өтетін негізгі шаралары туралы айтып, сұрақтарына жауап береді.