Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астана елорда болғалы 60 мың адам мемлекеттік баспанамен қамтамасыз етілді - И. Тасмағамбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана елорда болғалы 60 мың адам мемлекеттік баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін өтіп жатқан Қазақстан-Татарстан бизнес-форумында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты.

Астана елорда болғалы 60 мың адам мемлекеттік баспанамен қамтамасыз етілді - И. Тасмағамбетов

Оның айтуынша, осы жылдар аралығында құрылыс саласы ел экономикасының локомотивіне айналды. Астана елорда болғалы 12,5 млн. шаршы метр баспана салынып, қолданысқа берілген.

«Жекеменшік сатып алуларды есептемегенде, мемлекеттік қолдау механизмдері мен арнайы бағдарламалардың арқасында 18 мың отбасы немесе шартты түрде 60 мыңдай адам баспаналы болған», - деді ол.

Қала басшысының айтуынша, жыл сайын қолданысқа берілетін баспана көлемі 1 млн. шаршы метрден асқан.