Астана финанс" АҚ ішкі кредиторлармен келіссөз жүргізді

АЛМАТЫ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -   "Астана финанс" АҚ-дағы қаржылық борышты қайта құрылымдау үрдісі аясында бүгін ішкі кредиторлармен келіссөз өтті.
None
None

Бұл жайлы  басқарма төрайымы Эльмира Ибатуллина Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "Кредиторлар комитетімен қазанның 16-да жасалған өзара түсіністік меморандумында компанияларға "БТА банк" пен "Альянс банк" АҚ-дағы қайта құрылымдаудағыдай қандай да бір опциялар ұсынылған жоқ. Біз кредиторлардың 3 сыныбын қарастырып, оларға келісімнің 3 нұсқасын ұсындық. Сыртқы кредиторлар бұл ұсыныммен келісті. Енді қарашаның 5-і күні Кредиторлар комитетімен келісімге қол қою жоспарланып отыр", дейді Эльмира Ибатуллина. Оның айтуынша,   бүгін ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде олардың облигацияларын ұстап отырған зейнетақы қорларымен кездескен. Енді алдағы бейсенбіде тараптар  қайта жүздеспек. Жалпы қазіргі таңда «Астана финанс» АҚ қарыздарының жалпы көлемі 2 миллиард долларға жуық.  Оның 350 миллионы  сыртқы қарыз, 941 миллионы халықаралық облигациялар бойынша міндеттемелер, 221 миллионы экспорттық-несие агенттігінің қарызы болса, 400 миллионы жергілікті міндеттемелер. 

Соңғы жаңалықтар