«Астана» футбол клубына Черногория құрамасының ойыншысы қосылды

АСТАНА. KAZINFORM – Черногория құрамасының 28 жастағы ойыншысы, вингер Дритон Цамай «Астана» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды. 

«Астана» футбол клубына Черногория құрамасының ойыншысы қосылды
Фото: Астана ФК

«Астана» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Дритон – Подгорицадағы «Будучност» клубының түлегі.

Одан бөлек футболшы хорватиялық «Интер Запрешич», черногориялық «Дечич», «Ловчен», «Искра» және мажарстандық «Кишварда» командаларында доп тепкен. 

Дритон Цамайдың бұған дейінгі клубы Мажарстанның «Кечкемет» командасы болды.

Футболшы «Астана» сапында 11-нөмірмен өнер көрсетеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұрсұлтан Құрманның Қазақстан футзал қауымдастығының президенті болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар