12:15, 08 Наурыз 2009 | GMT +5
«Astana Futures» ITF халықаралық ерлер турнирінде қазақстандық Алексей Кедрюк жеңімпаз атанды
АСТАНА. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат – Жүлде қоры 15 000 АҚШ доллары болатын «Astana Futures» ITF халықаралық ерлер турнирінде қазақстандық Алексей Кедрюк жеңімпаз атанды.
Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа республиканың Теннис федерациясынан хабарлады. Финалдық матчта қазақстандық ракетка шебері словакиялық Мартин Клизанмен (Кәсіпқой теннисшілер рейтингінде (АТР) 740-ші орын) кездесті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші қарсыласын еш қиындықсыз ұтты ? 6:0. Бірақ келесі партияларда Клизан жинақылық танытып, біздің спортшыға барынша қарсыласып бақты. Алайда оның әрекетінен нәтиже шықпады. Ойын есебі ? 6:0, 7:6(4) болып Алексей Кедрюктің пайдасына шешілді.